Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
ЖИ-ассистент
ҚАЗ
Жеке кабинет

Терещенко Сергей Александрович

Жеке қор дегеніміз не

Жеке қор — адамның өмірін тек мемлекеттік қайраткер ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде де ашатын құжаттар, фотосуреттер және басқа да материалдар жиынтығы: өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты құжаттар, хат-хабарлар, наградалар мен естелік заттар. Бұл материалдар оның өмірі, отбасы, қызметі және қалыптасу жолындағы оқиғалар арқылы тұлғаның тарихын көруге көмектеседі.

Терещенко Сергей Александрович

С.А.Терещенконың жеке қоры сақталатын архив — Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қызмет кезеңі: 1991 жылғы 16 желтоқсаннан 1994 жылғы 14 қазанға дейін

Мемлекет қайраткерінің өмірбаяны

Сергей Александрович Терещенко 1951 жылғы 30 наурызда Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында инженер болып бастады.

Әр жылдары комсомол, партия және мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарды. Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Президентінің орынбасары және Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.

1991 жылғы 16 қазанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды, ал ел тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының бірінші Премьер-Министрі болды. 1994 жылғы қазанға дейін Қазақстан Үкіметін басқарып, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік институттарын қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Сергей Александрович Терещенко 2023 жылғы 10 ақпанда қайтыс болды.

Фильтр
По годам
По ключевым словам

Мәтіндік құжаттар

Найдено: 1 құжат
Архивный шифр Наименование документа Дата Саны/ұзақтығы Доступ
1 Қ.1 Тіз.2 Іс.301 Материалы торжественного заседания к 50-летию освоения целины 01.03.2004 22 Заявка через личный кабинет
Всего: 1 құжат